Қытайдың Бейжің қаласындағы "Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылу" салтанаты
🖇️Наурыз айының 28-29 күндері Қытайдың Бейжің қаласында “Қазақстанның туризмі жылының ресми ашылу”салтанаты өткен болатын.
“Amanat Group” ұжымы Шымкент қаласының өкілі ретінде қатысып, қаламыздың мәртебесін қорғап қайтты. Бұл біз үшін өте маңызды, үлкен дәрежелі іс-шара болды.
📌Жылдың ресми ашылуы халықаралық форумнан басталса, жалғасын Қазақстанның көрмесі мен мәдени іс-шаралардан тапты. Екі күнге созылған іс-шара аясында Академия аруы @aidashymyrova үлкен жауапкершілікпен Қытай мемлекетенің лауазымды тұлғаларын “Арт Хаб Аманат” жобасы, Аманат Отандық брендімен таныстырып, шет елде атымызды танытып, дәрежемізді көтеріп қайтты.
Қазақстан көрмесінде үлкен қауымға Брендтік өнімдерімізді паш етті.
Осы орайда, тәжірибелер алмасумен қатар, жаңа
мүмкіндіктер ашқан халықаралық деңгейдегі шараға қатысуымызға септігін тигізген @shymkent_tourism @visitshymkent @yerlan_umarov алғыс білдіреміз🙏🏻
Жаңа белестерді бірге бағындыра берейік!